Керемет финал! Португалия құрамасы Испанияны пенальти сериясында жеңіп, Ұлттар лигасының чемпионы атанды
Маусымның 8-9 қараған түні Португалия мен Испания құрамалары арасында Ұлттар лигасының финалдық матчы өтті.
Ойын Мюнхендегі (Германия) «Альянц Арена» стадионында өтіп, Португалия құрамасының жеңісімен аяқталды. Матчты швейцариялық төреші Сандро Шерер басқарды.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Матчта испандықтар алға шықты – 21-минутта Мартин Субименди гол соқты. Бірақ уақытша есеп ұзаққа бармады. Арада бес минут өткенде португалиялықтар есепті теңесттірді. Испания қайтадан алға шығып, бірінші тайм аяқталуға бір минут қалғанда Микель Оярзабал командасының екінші голын соқты. Португалиялықтар бұл жолы да тең түсе алды - команда капитаны Криштиану Роналду 61-минутта гол соқты.
Нәтижесінде негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталып, кездесу овертаймға ұзартылды. Бірақ қосымша уақытта есеп өзгеріссіз қалып, матчтан кейінгі пенальти сериясында португалдықтар қарсыластарынан дәлірек болды. Испандықтар сапында шешуші соққыны 111-минутта шыққан Альваро Мората салмады.
Осылайша Португалия құрамасы «қызыл фурияны» жеңіп, Ұлттар лигасының алғашқы екі дүркін жеңімпазы атанды.
Ұлттар лигасы. Финал. 9 маусым
Португалия - Испания - 2:2 (пен. 5:3)
Голдар: Мендеш, 26, Роналду, 61 - Субименди, 21, Оярсабаль, 44.
Португалия: Кошту - Мендеш, Инасиу (Вейга, 74), Диаш, Невеш (Семеду, 46) - Силва (Леау, 74), Витинья, Фернандеш - Консейсау (Невеш, 46), Роналду (Рамуш, 88), Нету (Жота, 106).
Испания: Симон - Кукурелья, Хайзен, Ле Норман, Мингеса (Порро, 92)- Руис (Мерино, 74), Субименди, Педри (Иско, 74) - Уильямс (Баена, 92), Оярсабаль (Мората, 111), Ямаль (Пино, 106).
Ескертулер: Инасиу, 19, Нету, 83, Мендеш, 100 - Руис, 33, Ле Норман, 90, Баена, 100, Порро, 110.
