Фото. Роналду өз мансабында Португалия ұлттық құрамасымен үшінші жүлдені көтерді
Португалия құрамасы Ұлттар лигасының финалында Еуропаның қазіргі чемпионы Испанияны жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды.
Финалдың негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Португалия құрамасы сапында Нуну Мендеш пен Криштиану Роналду гол соқты. Ал пенальти сериясында команда 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Жеңіске жеткен соң ұлттық құраманың капитаны, 40 жастағы Криштиану Роналду кубокты жоғары көтерді. Бұл оның ұлттық құрамадағы үшінші титулы. Бұған дейін ол 2019 жылы Ұлттар лигасының кубогын жеңіп, 2016 жылы Еуропа чемпионы атанды.
Португалия қалаулы атаққа жету жолында екі рет пенальти сериясында жеңіске жетіп, жартылай финалда турнирді қабылдаушы елмен кездесті. Команданың жүріп өткен жолы туралы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.
Ұлттар лигасының кубогымен фотогалерея:






