КӘЧ-2025: «Челси» мен «Лос-Анджелестің» негізгі құрамдары жарияланды
16-нан 17 маусым қараған түні Атланта қаласында (АҚШ) футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты-2025 аясындағы кезекті матч өтеді. D тобының алғашқы турында ағылшындық «Челси» мен MLS өкілі «Лос-Анджелес» алаңға шығады. Кездесу Астана уақытымен 00:00-де басталады.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Матч қарсаңында қос команда да негізгі құрамдарын жариялады.
«Челси» негізгі құрамы:
Санчес — Джеймс, Тосин, Колуилл, Кукурелья — Кайседо, Лавия — Палмер, Нето, Мадуэке —
Джексон
«Лос-Анджелес» негізгі құрамы:
Льорис — Паленсия, Лонг, Сегура, Холлингсхед — Тиллман, Жезус, Дельгадо — Ордас, Эбобиссе, Боанга
Айта кетейік, бұл топта сондай-ақ Бразилияның «Фламенго» және Тунистің «Эсперанс» клубтары да плей-офф жолдамасы үшін талас жүргізіп жатыр.
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтеді. Жарысқа әлемнің 32 үздік командасы қатысып, сегіз топқа бөлінген.