locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Челси» жеңіспен бастады: Клубтар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы үш ұпай еншілед

«Челси» КӘЧ-2025 турнирін жеңіспен бастады
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images

16-нан 17 маусымға қараған түні Атланта қаласында өткен Клубтар арасындағы әлем чемпионаты-2025-тің D тобы аясындағы 1-тур матчында ағылшынның «Челси» клубы АҚШ-тың «Лос-Анджелесін» 2:0 есебімен жеңді.

Энцо Мареска баптайтын лондондықтар алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін өз қолына алып, қарсыласына мүмкіндік қалдырмады. Есепті 34-минутта Нету ашса, 79-минутта артықшылықты Энцо Фернандес еселеді.

Клубтық әлем чемпионаты. D тобы. 1-тур. 17 маусым

«Челси» (Англия) – «Лос-Анджелес» (АҚШ) – 2:0

Голдар: П. Нету, 34; Э. Фернандес, 79.

Бұл матч «Челси» үшін турнирдегі алғашқы кездесу болды және ол командаға D тобындағы алғашқы үш ұпайды сыйлады. Айта кетейік, бұл топта сондай-ақ «Фламенго» (Бразилия) мен «Эсперанс» (Тунис) клубтары өнер көрсетуде.

Келесі турда «Челси» бразилиялық алпауытпен кездессе, «Лос-Анджелес» тунистік ұжыммен ойнап, бірінші турдағы сәтсіздікті жуып-шаюға тырысады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie