«Челси» – «Лос-Анджелес» – 2:0. Еуропа шеберлігін көрсетті. Голдар және матчқа бейнешолу
2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы турында Лондонның «Челси» командасы АҚШ өкілі «Лос-Анджелесті» 2:0 есебімен жеңіп, жарысты сенімді бастады. Ойын аса қарқынды өтті - ағылшындар допқа толық бақылау орнатса, алаң иелері қарымта шабуыл арқылы жауап қайтаруға тырысты.
Есеп 34-минутта ашылды. Педру Нету қорғаушыны алдап өтіп, допты қақпаның жақын бұрышына дәл бағыттады. Екінші таймда америкалықтар Оливье Жиру бастаған жаңа ойыншыларды алаңға шығарып, шабуылды үдете түсті. Дегенмен «Челсидің» қорғанысы мен қақпашы Санчес сенімді ойнады.
81-минутта Делаптың айып алаңына асырған добын Энцо Фернандес баспен қақпаға тоғытты — 2:0. «Лос-Анджелес» құрамындағы Буанга мен Эбобиссе бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырғанымен, нәтижеге қол жеткізе алмады.
Бұл жеңіс «Челсиге» D тобында алғашқы үш ұпайды сыйлады және плей-офф кезеңіне сенімді қадам жасауға мүмкіндік берді.
Матчтың бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз: