locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қызылжар» жартылай финал алдында негізгі қорғаушысынан айырылды

Андрей Васильев реванш матчына қатыспайды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Қызылжар» жартылай финал алдында негізгі қорғаушысынан айырылды
ФОТО: ФК Қызылжар

Sports24.kz белгілі болғандай, «Қызылжар» клубының негізгі қорғаушысы Андрей Васильев Қазақстан кубогының жартылай финалындағы қарымта кездесуге қатыса алмайды.

Себебі 23 тамыз күні өткен «Елімай» – «Қызылжар» матчы кезінде футболшы ойын эпизодтарының бірінде жарақат алған. Васильев сол ойында 22-минутта алаңнан кетуге мәжбүр болды. Айта кетейік, бұл кездесуде теріскейлік ұжым 0:2 есебімен жеңіліс тапты.

28 тамыз күні өтетін қарымта ойында қорғаушының толық қалпына келуі екіталай, сондықтан бапкерлер құрамына қорғаныс шебінде басқа шешімдер қабылдауға тура келеді.

Еске сала кетейік, Петропавлда өткен алғашқы жартылай финал ойыны тең есеппен (0:0) аяқталған болатын. Сонымен қатар, бұған дейін «Қызылжардың» негізгі құрам ойыншысы Илья Мартынович клубтан өз еркімен кеткен еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie