Илья Мартынович «Қызылжардан» кетті
Черногориялық қорғаушы маусым ортасында командамен қош айтысты
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: ФК Қызылжар
Sports24.kz белгілі болғандай «Қызылжар» футбол клубының легионері Илья Мартынович команда қатарынан кетті.
Петропавлдық команда сапынан кетуге қорғаушы өзі ұсыныс білдірген.
Мартынович теріскейлік ұжымға маусымның басында қосылған болатын. Осы аралықта ол барлық турнирлерде 18 матч өткізіп, 1 голдың авторы атанды.
Қазіргі таңда Премьер-лиганың 19 турынан кейін «Қызылжар» 19 ұпай жинап, турнирлік кестеде 9-орында тұр. Келесі кездесуін солтүстікқазақстандық клуб 9 тамыз күні өз алаңында «Ұлытауға» қарсы өткізеді.
Сондай-ақ «Қызылжарда» жанкүйерлер директордың отставкасын талап етуде.