Қысым нәтиже берді ме? УЕФА сынға қарамастан Израильді турнирлерден шеттетпеді
Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Израильдің ұлттық құрамаларын және клубтарын халықаралық жарыстардан шеттемеу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Israelhayom басылымы хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, ұйымға АҚШ тарапынан елеулі қысым жасалған.
Дереккөздердің мәліметінше, Израильді қолдауға дипломаттар, футбол қауымдастықтарының өкілдері және спорт саласындағы ықпалды тұлғалар шыққан. Соның арқасында Израиль футбол қауымдастығы санкциялардан құтылып, Тель-Авивтің «Маккаби» клубы 2025/26 маусымында Еуропа лигасында ойнау мүмкіндігіне ие болды.
Алайда бұл жағдай Ресей клубтары мен құрамаларының ахуалымен мүлде кереғар: олардың барлығы Украинадағы әскери операция басталғаннан кейін қабылданған ФИФА мен УЕФА шешімі бойынша халықаралық турнирлерге қатысудан толықтай шеттетілген күйінде қалып отыр.