locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

УЕФА ресейлік командаларды қақтығыс аяқталғанша турнирлерге қатыстырмайды

Футбол 03 сәу 2025 09:45
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
УЕФА ресейлік командаларды қақтығыс аяқталғанша турнирлерге қатыстырмайды
ФОТО: Getty Images

Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Александер Чеферин ресейлік клубтар мен ұлттық құраманың ұйым аясындағы турнирлерге қатыса алмайтынын растады.

- Ресейлік командалардың қайта оралуына қатысты мен бұл туралы бірнеше рет айттым және тағы да қайталауға дайынмын: қақтығыс аяқталған кезде олар жарыстарға қайта қатыса алады, - деді Чеферин Белградтағы УЕФА конгресінде.

Ресей құрамасы мен елдің клубтық командалары 2022 жылдың ақпанында халықаралық жарыстардан шеттетілген болатын. Сол уақыттан бері Валерий Карпин жаттықтыратын ұлттық құрама тек жолдастық кездесулер өткізіп келеді.

Бұған дейін БАҚ-та УЕФА-ның ресейлік клубтарды еурокубоктерге қайтару бойынша белгілі бір қадамдарға баратыны туралы ақпарат тараған еді, алайда бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie