УЕФА Израильді барлық еуропалық жарыстардан шеттетуді жоспарлап отыр
Барлығы 23 қыркүйекте шешіледі
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images
УЕФА Израильді барлық халықаралық турнирлерден шеттетуі мүмкін: елдердің басым бөлігі бұл тыйымды қолдауда. Бұл туралы Israelhayom хабарлады.
Дауыс беру 23 қыркүйекте өтеді.
Қазіргі таңда дауыс беретін 20 елдің көпшілігі Израильді жарыстардан шығару үшін жиналыста қолдау білдірмек. Бірнеше мемлекет Израиль футбол федерациясын қорғап отыр.
Израиль құрамасы 2026 жылғы ӘЧ-ның іріктеуінен шығарылса, бұл тыйым Еуропа лигасында өнер көрсететін «Маккаби Т-А» футбол клубына да әсер етеді.
Бұған дейін Испания ұлттық құрамасы Израиль ӘЧ-2026-ға шыққан жағдайда әлем чемпионатына қатысудан бас тартуы мүмкін деген жаңалық тараған еді.