International Friendly Youth Tournament: Шымкенттегі матчтардың кестесі
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Instagram
Шымкентте 21-25 наурыз аралығында U-16 жасөспірімдер құрамалары арасында International Friendly Youth Tournament турнирі өтеді. Жарысқа Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан және Тәжікстан құрамалары қатысады.
Алдын Қазақстан U-16 құрамасының кеңейтілген құрамасы жарияланған еді.
Турнир форматы: Әр команда Шымкенттегі БИИК футбол орталығында үш ойын өткізеді.
Ойын кестесі:
21 наурыз (жұма)
12:00 – Беларусь U-16 vs Өзбекстан U-16
15:00 – Қазақстан U-16 vs Тәжікстан U-16
23 наурыз (жексенбі)
12:00 – Тәжікстан U-16 vs Өзбекстан U-16
15:00 – Қазақстан U-16 vs Беларусь U-16
25 наурыз (сейсенбі)
12:00 – Беларусь U-16 vs Тәжікстан U-16
15:00 – Өзбекстан U-16 vs Қазақстан U-16
Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін 21 наурыз күні Тәжікстанға қарсы өткізеді.