locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хамес РОДРИГЕС: \"Өз уақытымды мен Зидан ,Модрич, Кросстан жоғары деңгейде болдым\"

ФОТО: gettyimages.com

Хамес Родригес мансабының шарықтау шегінде Зинедин Зидан, Лука Модрич және Тони Кроостан да жоғары деңгейде болғанын айтты.

Los Amigos de Edu бағдарламасында ол қазіргі таңда әлемнің үш үздік ойыншысын атап өтті – Мбаппе, Беллингем және Винисиус. Сондай-ақ, ол өз мансабының ең жақсы кезеңінде бұрынғы серіктестерінен мықты болғанын меңзеп: "Зидан керемет ойыншы болды, бірақ... ол Хамес қой", – деді.

Колумбиялық жартылай қорғаушы өз мансабындағы ең сәтті маусымын еске алып, 14-тен астам гол соғып, 15-тен көп нәтижелі пас бергенін айтты. Оның пікірінше, бұл көрсеткіш Беллингемнің "Реалдағы" алғашқы жылына ұқсас. Родригес ағылшын ойыншысының болашақта "Алтын допты" жеңіп алатынына сенеді. Алайда, Хамес өзінің дәуірінде бұл атақты алу қиынырақ болғанын атап өтті, себебі ол Месси, Роналду, Иньеста және басқа да жұлдыздармен бәсекелес болды.

Ол "Алтын допты" иеленуді армандағанымен, басты мақсаты Чемпиондар лигасын жеңу болғанын мойындады. 2014 жылғы әлем чемпионатында гол королі атанғаннан кейін ол "Реалға" ауысып, Зиданның жетекшілігімен екі рет Чемпиондар лигасын ұтты. Алайда уақыт өте келе негізгі құрамдағы орнын жоғалтып, командадан кетті.

Қазір 33 жастағы футболшы Мексиканың "Леон" клубында ойнап жүр. Қаңтарда "Райо Вальеканомен" келісімшартын тоқтатқаннан кейін осы командаға қосылған. Қазіргі таңда оның клубы Мексика чемпионатында екінші орында тұр, көшбасшы "Клуб Америкадан" бір ғана ұпайға қалып келеді.

Алдын: Тухель Англия құрамасының жаттығуларына өзгеріс енгізді деп хабарлаған едік.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie