Григорий Бабаян: «Астананың» ойынын өзгертуде шешуші болған он минут


«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Премьер-Лигасының 12-турында Көкшетаулық «Оқжетпеске» қарсы өткен ойында жеткен айқын жеңісті (5:2) жайлы пікір білдірді.
- «Ойын алдында ұзақ үзілістен кейін бірден қарқынға ену аса маңызды екенін айттық. Бірақ алғашқы минуттар біз үшін қиын басталды - ұлттық құрамадан оралған футболшылар алғашқы 20 минутта алаңға шықпады. Біреулер тартысты көрініс күтсе, мен керісінше, тыныш басталғанын қалар едім. 26-минутта-ақ есеп 0:2 болды. Қарсылас тарапынан екі сәтті шабуыл болды, сәл де болса жолдары болды деп айтуға болады. Ал біздің алғашқы 15 минуттағы ойынымыз көңіл көншітпеді. Дегенмен команда өзіне келіп, мықты он минуттық өткізіп, күрделі әрі әдемі голдар соғып, алғашқы таймда-ақ ойынды өзгерте алды», - деді Бабаян.
Екінші таймда «Астана» шабуылды жалғастырып, есепті 4:2-ге жеткізді. Алайда, бапкердің айтуынша, осыдан кейін команда қарқынын бәсеңдетіп, «Оқжетпеске» бірнеше қауіпті сәттер жасауға мүмкіндік берді.
- «Мұндай жағдай футболда болмауы керек - босаңсуға болмайды. Бізге ойын құрылымын өзгертуге тура келді, флангтарды жабу үшін 3-4-3 схемасына көштік. Бұл өз жемісін берді - матч соңында бесінші голды соғып, ойынды толық бақылауға алдық», - деп түйіндеді маман.
12 турдан кейін «Астана» 30 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. Ал «Оқжетпес» 20 ұпаймен бесінші орында келеді.
Келесі турда, 22 маусым күні «Астана», «Ақтөбемен» маңызды кездесу өткізеді.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11