«Астана» көшбасшылығын нығайтты. 12-турдан кейінгі ҚПЛ кестесі


Қазақстан Премьер-лигасының 12-турының екінші ойын күнінде үш кездесу өтті.
Күндік бағдарлама елордалық «Астана» мен көкшетаулық «Оқжетпес» командалары арасындағы кездесумен (5:2) ашылды. Ойын қонақтардың голдарымен басталды – 26-минутта көкшетаулықтар екі гол соғып, «Астана Аренада» жиналғандарды дүр сілкіндірді. Бірақ «Астана» матчтың бағытын өзгертіп, «Оқжетпес» қақпасына қатарынан бес жауапсыз гол салды. Матчтың қаһарманы Марин Томасов болды, ол гол соғып, ассисттерден хет-трик жасады.
Қызылордалық «Қайсар» мен қостанайлық «Тобыл» жеңімпазды анықтамай, 1:1 есебімен минималды тең ойнады. «Дала қасқырлары» қақпаға бір ғана соққы жасаса да, чемпионат фавориттерінің бірінен ұпай ала алды.
Күннің орталық матчы Шымкентте өтті - жергілікті «Ордабасы» «Елімайды» қабылдады. Командалар алғашқы минуттардан-ақ қарсыластар қақпасының жанында қауіпті сәттер жасай бастады. Бірақ матчта екі-ақ гол көрдік – алдымен қонақтар сапында Кевин Ролон гол соқса, матчтың соңында Муроджон Халматов шымкенттіктер үшін тең нәтижені жұлып алды.
14 маусымдағы матчтардың нәтижелерімен мына сілтемеден танысуға болады.
Осылайша, «Астана» Қайраттың қателігін пайдаланып, турнир кестесінде көшбасшылығын нығайтты. Үздік үштікті «Ақтөбе» түйіндеді, бірақ төртінші орында тұрған «Тобылдың» екі ойыны бар және екі ұпайға қалып келеді.
Қазақстан Премьер-лигасының 12-турдан кейінгі турнирлік кестесі:


Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11