locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона болсын, басқа біреу болсын — бәрібір»: Покатилов Чемпиондар лигасындағы ірі жеңілістен кейін эмоциясын жасырмады

Қазақстан құрамасының қақпашысы каталондық алпауыттан жеңілгені туралы пікір білдірді
Футбол
«Барселона ма, басқа біреу ме — бәрібір»: Покатилов Чемпиондар лигасындағы ойсырай жеңілістен кейін эмоциясын жасырмады
@sabahfc

Әзербайжанның «Сабах» клубында өнер көрсететін қазақстандық қақпашы Стас Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда испаниялық «Барселонадан» өз алаңында (1:4) жеңілгеннен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Тоғыз сейв жасап, Sofascore статистикалық порталының нұсқасы бойынша матчтың үздік ойыншысы атанса да, әзербайжандық клуб капитаны қорытынды нәтижеге көңілі толмағанын жасырмады.

«Жеңіліп қалдық. Тағы не айтуға болады? «Барселона» болсын, басқа біреу болсын — бәрібір. Жеңілдік, көңіл күй жоқ», - деді Покатилов.

Журналистің осындай деңгейдегі командаға қарсы ойнау қандай деген сұрағына қазақстандық қақпашы матч кезінде қарсыластың мәртебесіне мән бермей, өз міндетін орындауға назар аударатынын айтты.

«Білмеймін. Алаңға шыққан соң қарсыласыңның кім екені туралы ойламайсың, өз міндетің, өз ойының бар. Негізі, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққаннан кейін кіммен ойнайтының бәрібір», - деді Қазақстан құрамасының қақпашысы.

Қазақстандық футболшы матч аяқталған соң каталондық клубтың қақпашысы Жоан Гарсиямен жейде алмасуға тырысқанын да айтты. Алайда бұл ойы жүзеге аспады.

«Иә, «Барселонаның» қақпашысымен алмасуға тырыстым. Естелікке, коллекциям үшін алғым келген. Бірақ болмады», - деді Покатилов.

Матч қорытындысы бойынша Sofascore статистикалық порталы Стас Покатиловтың ойынына 8,5 балл қойды. Қазақстандық қақпашының бағасы дубль авторы Энтони Гордонды (8,1) және қорғаушы Алехандро Бальдені (8,3) қоса алғанда, «Барселонаның» кез келген футболшысынан жоғары болды. «Сабах» капитаны 90 минут ішінде тоғыз сейв жасады.

Абылай Сеитов
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie