Головкин Шайдоровқа орден тапсырды
Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) ең жоғары наградасына ие болды, деп хабарлайды Sports24.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марапаттау рәсімі 25 қарашада Астанада Қазақстан ҰОК Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысы кезінде өтті. Отандық спорт пен олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқан спортшылар мен өзге де азаматтарға наградаларды комитет президенті Геннадий Головкин табыстады.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің ең жоғары наградасы — ҰОК орденімен 2026 жылы еліміз тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоров марапатталды», - деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Іс-шара аясында спорт саласының өзге де өкілдері марапатталды.
Михаил Шайдоров — Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы
2026 жылдың басында Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жеке мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль жеңіп алды. Ол осы спорт түрінен Олимпиада алтынын иеленген Қазақстанның алғашқы өкілі атанды. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының қоржынында әлем чемпионатының күміс медалі мен төрт құрлық чемпионатының алтыны да бар.