locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының басты фаворитін атады

Чемпиондар лигасының алдыңғы екі маусымында «Пари Сен-Жермен» жеңіске жеткен
Футбол
ФОТО: Getty Images

Opta сарапшылары жалпы кезеңнің бесінші турындағы матчтар аяқталғаннан кейін Чемпиондар лигасының жеңімпазына қатысты болжамын жаңартты. Мамандар кубоктың басты үміткері деп Лондонның «Арсеналын» санайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Суперкомпьютердің есебінше, «зеңбірекшілердің» Еуропаның басты клубтық турнирінде тарихта алғаш рет жеңіске жету ықтималдығы — 18,6 пайыз.

Рейтингте екінші орында 16,29 пайыз көрсеткішпен Мюнхеннің «Бавариясы» тұр. Үздік үштікті 12,58 пайызбен испаниялық «Барселона» түйіндейді.

Үздік ондыққа сондай-ақ кубоктың қазіргі иегері «Пари Сен-Жермен» (12,37 пайыз), мадридтік «Реал» (10,69), «Манчестер Сити» (6,77), «Ливерпуль» (6,31), миландық «Интер» (3,37), дортмундтық «Боруссия» (2,33) және италиялық «Комо» (2,23) енді.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының алдыңғы екі маусымында «Пари Сен-Жермен» жеңіске жеткен. Ал қазіргі жалпы кезеңнің бес турынан кейін турнир кестесінде ең көп ұпай жинаған мадридтік «Реал» жеке-дара көш бастап тұр.

2026/27 жылғы маусымда турнирге 36 команда қатысады. Жалпы кезеңнің сегіз турынан кейін үздік сегіз клуб 1/8 финалға тікелей жолдама алады, ал 9-орыннан 24-орынға дейінгі командалар плей-офф кезеңінде жолдамаларды сарапқа салады. Финал 2027 жылғы 5 маусымда Мадридте өтеді.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie