locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Футболда ұсақ-түйек болмайды»: Тимур Досмағамбетов Уэльске қарсы Қазақстан құрамасының ойынын бағалады

Ұлттық құраманың бұрынғы қорғаушысы жас ойыншылардың алға жылжуын атап өтіп, матчтағы басты мәселеге тоқталды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Футболда ұсақ-түйек болмайды»: Тимур Досмағамбетов Уэльске қарсы Қазақстан құрамасының ойынын бағалады
ФОТО: ҚФФ

Қазақстан құрамасы мен «Оқжетпестің» экс-ойыншысы Тимур Досмағамбетов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің бесінші турында Уэльске қарсы өткен (0:1) кездесудегі ұлттық команданың ойыны туралы пікірін бөлісті.

Досмағамбетовтың айтуынша, Қазақстан құрамасы лайықты ойын көрсетті, әсіресе екінші таймда:

«Екінші таймда команда сенімді ойнады. Бірақ гол соғуда мәселе болды — соңғы пас пен шешуші соққы жетіспеді. Егер өзің салмасаң, ал қарсыластың кез келген соққысы қақпаңа гол болып кіріп жатса, онда бір нәрсе дұрыс ұйымдастырылмаған деген сөз. Футболда ұсақ-түйек болмайды. Дегенмен, бізде жас команда бар, дұрыс бағыт-бағдар берілсе, алға қадам жасай алады», — деді ол Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.

Бес турдан кейін J тобының жағдайы мынадай: көш басында Уэльс (10 ұпай), одан кейін Солтүстік Македония (8) мен Бельгия (7) орналасқан. Қазақстан үш ұпаймен төртінші орында, ал Лихтенштейн әзірге ұпай жинай алмай, соңғы орында тұр (0).

Бұған дейін қазақстандықтар Уэльске (1:3) және Солтүстік Македонияға (0:1) есе жіберіп, Лихтенштейнді (2:0) жеңген болатын. Келесі матчты Қазақстан құрамасы 7 қыркүйекте Брюссельде Бельгияға қарсы өткізеді.

Сондай-ақ Виктор Кумыков Қазақстанның Уэльстен жеңілісі туралы.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie