locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

FlyArystan «Тұранды» сатып алуға қатысты ресми мәлімдеме жасады

Лоукостер Түркістан клубын сатып алу туралы хабарларға ресми түсіндірме берді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
FlyArystan «Тұранды» сатып алуға қатысты ресми мәлімдеме жасады
ФОТО: ФК Тұран

FlyArystan әуе компаниясы футбол клубы «Тұранды» сатып алуға қызығушылық танытқаны жөніндегі тараған ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Компания өкілдері клубты сатып алу, инвестициялау немесе Түркістанның кәсіби футбол ұжымын басқару бойынша ешқандай келіссөздердің бастамашысы болмағанын және бұл нұсқаны қарастырмайтынын атап өтті.

«FlyArystan ресми түрде мәлімдейді: әуе компаниясы «Тұран» кәсіби футбол клубын сатып алу, инвестициялау немесе басқару бойынша ешқандай келіссөздерді бастамаған, жүргізбеген әрі жоспарламаған. Компания клубты сатып алушылардың бірі деген ақпараттың кейбір БАҚ-та таралуы шындыққа жанаспайды», – делінген тасымалдаушының мәлімдемесінде айтылған.

Айта кетейік, мемлекеттік балансқа тиесілі түркістандық «Тұран» электрондық сауда порталы арқылы сатылымға қойылды. Активтің бастапқы бағасы бір миллион теңгеден асады.

Аукционға қатысу үшін үміткерлер 158 мың теңге кепілдік жарнасын төлеуі керек. Сауданың 3 наурызға жоспарланғаны белгілі.

ФОТО: ФК Туран
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie