locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ертіс» маусым алдындағы жиын өтетін орынды жариялады. Ол қанша уақытқа созылады?

КПЛ-дің жаңа қақпақшысы бір ай бойы Түркия алаңдарында жаттығады
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: ФК Иртыш

2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша КПЛ-дің құрамын толықтырған үш команданың бірі – «Ертіс» – элиталық дивизиондағы додаға ең қолайлы жағдайда дайындалмақ.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, команда оқу-жаттығу жиынын 23 қаңтар мен 26 ақпан аралығында Түркияда өткізеді. Жиынға келісімшарттағы ойыншылармен қатар, «Ертіс» сапын толықтыруы мүмкін қаралымдағы футболшылар да қатысады.

Командамен бірге павлодар футболының жас тәрбиеленушілері де аттанады, ал жақын арада клуб оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылар тізімін жариялайды. Спарринг-қарсыластардың есімдері әзірге құпия күйінде қалып отыр.

Бұған дейін Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Климовичтің «Ертіс» сапына қосылуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie