«Елімай» «Қайратты» қалай тоқтатты? Андрей Карпович матчтағы шешуші сәтті атады
Қазақстан Премьер-лигасының 21-турындағы «Қайратқа» (3:2) қарсы жарқын әрі жігерлі жеңістен кейін «Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович ойынды қорытындылап, жанкүйерлердің ерекше қолдауын және бірінші таймның соңындағы шешуші сәтті атап өтті.
Матчтан кейін Карпович негізгі кезең ретінде алғашқы таймның соңында соғылған голды ерекше бағалады:
«Футбол – ұсақ-түйек сәттерден тұратын ойын. Сол сәттердің бірі шешуші болды деп ойлаймын. 0:2 есебінен кейін үміт оянды. «2:0 – ең тұрақсыз есеп» деген сөз бар. Үзіліс алдындағы гол сенім сыйлап, бүкіл ойынды түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін», – деп келтіреді Карповичтің сөзін Meta-ratings.kz.
Сонымен қатар, бас бапкер Алматыда командаға қолдау білдірген жанкүйерлерге алғысын жеткізді:
«Бізді қолдаған жанкүйерлердің осыншалық көп болатынын күтпеппін. Өз алаңымыздан жырақта жүріп, сондай қуатты қолдауға ие болғанымыз жүрекке жылу сыйлады», – деді ол.
Бұл жеңіс «Елімайға» 35 ұпай жинап, ҚПЛ кестесінде үздік үштікке берік орнығуға мүмкіндік берді. Ал «Қайрат» 43 ұпайымен көшбасшылық орнын сақтап қалды.