«Қайрат» - «Елімай». Онлайн көру. Live трансляция
Алматылық команда өз алаңында «Елімайды» қабылдайды
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Кайрат ФК
16 тамыз күні Қазақстан Премьер-лигасының 21-шы туры аясында «Қайрат» және «Елімай» командалары кездеседі.
Кездесу Алматыда «Орталық» стадионында өтеді және Астана уақытымен 18:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде KFF League You-Tube арнасынан көрсетеді.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
20 – тур қорытындысы бойынша «Қайрат» 43 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастап тұр. Ал семейлік «Елімай» 32 ұпаймен бесініші орында орналасқан.
Өткен турды Чемпиондар лигасының қарымта ойынына байланысты «Қайрат» кейінге шегерген болатын. Ал «Елімай» өз алаңында «Ақтөбеден» жеңісті жұлып алды (2:1).