«Қайрат» – «Елімай» – 2:3. Кенжебектің шебер пасы Алматыдағы драмалық камбэк. Голдар және матчқа бейнешолу
Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры жанкүйерлерге нағыз драмалық спектакль сыйлады. «Орталық» стадионында өткен «Қайрат» пен «Елімай» арасындағы ойын шиеленіске толы болып, шешуші сәт соңғы минуттарға дейін сақталды.
Ойын басында-ақ алаң иелері басымдықты өз қолына алды: 15-минутта Эдмилсон есеп ашса, 37-минутта ол дубль жасап, «Қайратты» алға жетеледі. Бұл сәтте алматылықтардың ойыны жүрмей қалғандай көрінген. Алайда «Елімай» мойымады. Алғашқы таймның аяқталар тұсында Иван Свиридов есеп айырмасын қысқартты. Екінші таймда Плакка Фессу 72-минутта таразы басын теңестіріп, ойынды қайта шиеленістірді.
Нағыз камбэк 83-минутта орын алды. «Қайрат»қорғанысын қапы қалдырған Плакка Фессу тағы бір мәрте мергендік танытып, жеңісті голдың авторы атанды. Осылайша, ол матчтың басты қаһарманына айналып, «Елімайға» аса маңызды үш ұпай әкелді – 3:2.
Назарларыңызға ойынның бейнешолуын ұсынамыз.