Екінші таймда алаулап жанды: «Фламенго» камбэк жасап, «Челсиді» тас-талқан етті
Клубтар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турда Лондонның «Челсиі» алғашқы жеңілісіне ұшырады. Англиялық клуб D тобы аясындағы ойында Бразилияның «Фламенго» командасынан 1:3 есебімен жеңілді.
Ойын тартысты басталып, 13-минутта П. Нету соққан голдың арқасында «Челси» есеп ашты. Алайда екінші таймда ойын тізгінін өз қолына алған «Фламенго» үш минут ішінде есепті өз пайдасына өзгертті - 62-минутта Энрике, 65-минутта Данило мергендік танытты. Ал матчтың соңына қарай, 83-минутта У. Я соңғы нүктені қойды. Бұған қоса, 68-минутта Николас Джексон қызыл қағаз алып, «Челсидің» жағдайын одан әрі қиындатты.
ФИФА Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. Топтық кезең. 2-тур
«Фламенго» – «Челси» – 3:1
Голдар: Бруно Энрике, 62; Данило, 65; Ян, 83 – Нету, 13
Қызыл қағаз: Н. Джексон («Челси»), 68′
Бұл жеңіліс лондондықтар үшін алаңдататын белгі болды. Әсіресе алғашқы турда «Лос-Анджелесті» 2:0 есебімен сенімді жеңгеннен кейін.
Қазіргі таңда «Фламенго» 6 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал 3 ұпай жинаған «Челси» екінші орынға жайғасқан. Келесі турдағы «Эсперанспен» өтетін матч англиялық ұжым үшін шешуші болмақ.