Филипе Луис: «Фламенго» мінез көрсетіп, «Челсиді» лайықты түрде жеңді


«Фламенго» клубының бас жаттықтырушысы Филипе Луис Клубтық әлем чемпионаты-2025 аясындағы топтық кезеңнің екінші турында Лондонның «Челси» командасын 3:1 есебімен жеңгеннен кейін қуанышын жасырмады.
Қорғаушы Уэслидің қателігінен кейін Педру Нету алғашқы голды соққанымен, бразилиялықтар тез есін жиып, ойынды өз қолына алып, қатарынан үш гол соғып, қарсыласқа жауап қайтаруға мүмкіндік қалдырмады.
- «Бізде мүмкіндік болатынын білдім. Әсіресе, жігіттердің жігерін көріп, мақтаныш сезімін бастан өткердім. Гол жіберіп алған соң да сынбадық, өз ойынымызды жалғастырдық. Қазір жүрегім шаттыққа толы», - деді Луис.
Сондай-ақ, бапкер осы матчта гол соққан тәжірибелі шабуылшы Бруно Энрикеге ерекше алғыс білдірді:
- «Бруно « «Фламенгоның» символы. Ол клуб тарихындағы ең көп жетістікке жеткен футболшы. Ол алаңға бір минутқа шықса да, тоқсан минут ойнаса да - әрдайым толық күшін салады. Оның бұл ойынында мен өте қуаныштымын», - деді Луис ФИФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.
Бұл жеңіс «Фламенго» үшін турнирдегі екінші қатарынан жеңіс болды. Қазіргі таңда команда алты ұпаймен топтың көшін бастап тұр. Келесі ойын 25 маусым күні АҚШ-тың «Лос-Анджелес» клубына қарсы өтеді. Бұл матчта тең нәтиже тіркелсе де, бразилиялықтар жартылай финалға топтан бірінші орынмен шығады.
Сондай-ақ Мареска ойын стилін өзгертуді жоспарлап отыр.

