locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әділбек Жұмаханов неліктен Бельгия клубын емес, «Елімайды» таңдағанын айтты

ФОТО: KFF

22 жастағы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әділбек Жұмаханов мансабында жаңа кезең бастады.

Өткен маусымда ол лиганың үздік қорғаушысы атанып, Анатолий Ионкин атындағы жүлдені иеленді. Ал биыл ол жаңа сынақ қабылдап, басқа клубты таңдады.

Жұмаханов «Елімайға» ауысу себебі, өзге ұсыныстар және шетелге шығу мүмкіндігі жайлы Sport+ арнасының Pluste Bol бағдарламасында айтып берді:

"Маусымаралық үзіліс кезінде «Елімайдың» бас бапкері Александр Владимирович хабарласып, өз қызығушылығын білдірді. Осылайша, бәрі басталды. Басқа клубтардан да ұсыныстар болды, бірақ Семей клубының жобасы мен мақсаттары көңілімнен шықты. Ата-анаммен кеңесіп, «Елімайды» таңдадым."

Сонымен қатар, ол Бельгияның «Кортрейк» клубы қызығушылық танытқанын растады, бірақ бұл тек алдын ала сұраныс деңгейінде болған.

"Қызығушылық бар екенін айтқан еді, алайда нақты келісімшарт ұсынылған жоқ. Егер сондай мүмкіндік туса, қарастырар едім. Жалпы, шетелде ойнауға қарсы емеспін."

Жұмаханов маусым соңында еуропалық клубтардан ұсыныстар түссе, оларды қарастыруға дайын екенін де атап өтті.

Қазіргі таңда «Елімай» үш ойыннан кейін төрт ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші оранды тұр. Келесі кездесуін 6 сәуір күні ҚПЛ-дың 4-турында «Ұлытауға» қарсы өткізеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie