Давид Лория өзінің ҚПЛ күнтізбесін құруға қатысы бар деген қауесетті жоққа шығарды
Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы, ал қазір Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Давид Лория ҚПЛ күнтізбесі туралы шулы қауесеттерге жауап берді.
Еске салайық, жақында ғаламторда Лорияның Қазақстан чемпионатының жаңа маусымының күнтізбесін жасауға қатысқаны және бұл белгілі бір клубтың көңілінен шығу үшін жасалғаны туралы ақпарат қызу талқыланған болатын.
Бүгін кешке өзінің Instagram парақшасында Давид Лория бұл жаңалықты жоққа шығарып, күнтізбені функционер Павел Станиславович Демьян құрастырғанын хабарлады. Сондай-ақ ол маманның осымен көп жылдан бері айналысып келе жатқанын атап өтті.
Жазбасында ол клубтрдан ешқандай шағым түспегенін айтып, “Біз ашықтық бағытын ұстанамыз!” деп аяқтады.
Қазақстан құрамасына үміткерлер мен жаңа есімдер белгілі болды