locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Давид Лория ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды

Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Давид Лория ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды
ФОТО: КФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарады.

Давид Лория – қазақ футболы тарихындағы ерекше тұлғалардың бірі. Футболшы мансабында “Жеңіс”, “Есіл”, “Шахтер”, “Хальмстад” (Швеция), “Спартак-Нальчик” (Ресей), “Астана”, “Ертіс”, “Ризеспор” (Түркия), “Қайрат”, “Каршияка” (Түркия), “Ордабасы” клубтарында ойнады. Қазақстан ұлттық құрамасында 47ойын өткізіп, қақпашылар арасында рекорд жасады.

1999 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен әлем чемпионатына қатысты.

Мансабын аяқтағаннан кейін Давид Григорьевич “Астана” футбол клубында, Астана қаласының футбол федерациясында және “Super Bol” жобасында басшылық қызметтер атқарды.

2019-2022 жылдары УЕФА UEFA MIP – UEFA Executive Master for International Players магистрлік бағдарламасы бойынша спорт менеджменті саласындабілімалды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie