Ойындар келісілген бе? Нұрсұлтан Құрман ҚПЛ жаңа маусымының күнтізбесіне байланысты жанжал туралы пікір білдірді
Әлеуметтік желіде Қазақстан Премьер-Лигасының күнтізбесі Давид Лорияның жетекшілігімен құрастырылды және бірінші турдағы топ-ойындар кездейсоқтық емес, “Елімай” алғашқы ойындардан-ақ көшбасшылыққа шығуы үшін алдын-ала жасалған жоспар деген қауесет тарады.
Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман жаңа маусымның күнтізбесіне қатысты жақында өршіген дау туралы пікір білдіріп, ақпаратты жоққа шығарды.
“Федерацияда бір адам ондай жауапкершілікті өзіне алуы мүмкін емес. Және сіз ақпарат алған дерекөз жалған ақпарат беріп отыр. Осы салаға жауапты бірнеше басшылық ететін қызметкер бар. Сондай ақ, чемпионаттың шарықтау шегін де ғана жеңімпаз анықталады. Алғашқы екі турдан кейін ешкім чемпиондық тонданы кестеге қарап бере салмас.
Бұл арнайы кестемен жасалған. Және алғашқы турдағы ойындар жанкүйерлер үшін тартысты болады деп өз басым ойлаймын”, - деді журналист Instagram постына пікірінде.
Айта кетейік, жаңа маусымның бірінші турында бірден 2 суперматч өтеді – 1 наурызда “Ордабасы” мен “Ақтөбе” ойнаса, 2-сі күні “Астана” мен “Қайрат” кездеседі.