ДЕРЕККӨЗ. Ақтөбе клубында бапкер ауысуы мүмкін
1-турда “Ақтөбе” сырт алаңда “Ордабасыдан” жеңілсе клуб басшылығы бапкер ауыстырады, деп хабарлайды белгілі комментатор Ермұхамед Мәулен.
Тіпті қазір келіссөздер жүріп те жатыр. “Тобылға” ойын қойып кеткен Милич Чурчич “Ақтөбеге” келуден әрине де бас тартпайды, деп жазды ақпарат көзі.
Милич Чурчич – сербиялық футбол жаттықтырушысы, бұрынғы қорғаушы. Ол 1981 жылы 4 қыркүйекте Югославияның Панчево қаласында дүниеге келген. Қазақстанда “Тобол” (Қостанай) клубының бас бапкері ретінде танымал.
Ол қостанайлық клубпен 2023 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алды. 2024 жылы командамен жаңа маусым бастады, бірақ тамыз айында клуб басшылығының шешімімен қызметінен кетті.
Чурчичтің басқаруымен “Тобыл” тактикалық тұрғыда күшейіп, турнирлерде жоғары нәтижелер көрсетті.
Бұған дейін “Ордабасы” президенті Асхат Сейсембек клубтың қаржылық жағдайы мен оның өзін-өзі қаржыландыруға көшуінің қиындықтары туралы пікір білдірген болатын.