locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Неліктен ҚПЛ клубтары өзін-өзі қаржыландыра алмайды? Ордабасы президентінің пікірі

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Неліктен ҚПЛ клубтары өзін-өзі қаржыландыра алмайды? Ордабасы президентінің пікірі
ФОТО: ФК Ордабасы

“Ордабасы” футбол клубының президенті Асхат Сейсембек команданың қаржылық жағдайы мен оның өзін-өзі қаржыландыруға көшуінің қиындықтары туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі қазақстандық футбол шындығында клубтардың өз шығындарын толықтай өз табыстарымен жабуы өте қиын.

“Өзін-өзі қаржыландыру – кез келген кәсіби спорттық жобаның басты мақсаты. Алайда шындыққа тура қарасақ, қазіргі жағдайда бұл мүмкін емес. Мұның бірнеше себептері бар: клуб 500-ге жуық жасөспірім жаттығатын балалар академиясын қаржыландырады, үш әйелдер тобын қолдайды, сондай-ақ жергілікті ойыншылардан құралған жасөспірімдер лигасы командасын дамытады. Жалпы, оларға 22 бапкер тәлім береді”, — деді Сейсембек “Отырар ТВ” арнасына берген сұқбатында.

Бұған дейін “Ордабасы” клубының 2025 жылғы бюджеті 3,2 млрд теңгені құрайтыны хабарланған болатын.

Сонымен қатар, клуб президенті командадағы легионерлер санының қысқаруына да пікір білдіріп, басшылықтың басты мақсаты – қазақстандық футболшыларды дамыту екенін атап өтті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie