locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дебютант гол соға алмады. Тобыл ҚПЛ-дің алғашқы турында Ұлытауды жеңді

Футбол
Люба Рябинина
Люба Рябинина
Дебютант гол соға алмады. Тобыл ҚПЛ-дің алғашқы турында Ұлытауды жеңді
Дебютант гол соға алмады. Тобыл ҚПЛ-дің алғашқы турында Ұлытауды жеңді

1 наурыз, сенбі күні Қазақстан Премьер-лигасының 1-турында “Тобыл” өз алаңында ҚПЛ-дің дебютанты “Ұлытауды” 2:0 есебімен жеңді.

Ойынның 41-минутында есеп ашылды – маусымаралық кезеңде “Атыраудан” “Тобылға” ауысқан беларусь шабуылшысы Николай Сигневич командасын алға шығарды.

Екінші таймда 74-минутта Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков гол соғып, матчтың соңғы нәтижесін белгіледі – 2:0.

Бұл жеңістен кейін “Тобыл” алғашқы үш ұпайын алып, турнир кестесінде көш бастады. 2-турда олар “Жеңіске” қонаққа барады, ал “Ұлытау” өз алаңында “Жетісумен” кездеседі.

ҚПЛ. 1-тур. 1 наурыз

“Тобыл” – “Ұлытау” – 2:0
Голдар: Сигневич 41’, Чесноков 74’

Тағы оқыңыз: ҚПЛ-2025 алғашқы турының барлық матчтарының нәтижелері

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie