locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ДЕРЕККӨЗ. Абылайхан Жұмабек Тұранға ауысуы мүмкін

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ДЕРЕККӨЗ. Абылайхан Жұмабек Тұранға ауысуы мүмкін
ФОТО: KFF

23 жастағы қазақстандық шабуылшы Абылайхан Жұмабек “Тұран” клубына ауысуы мүмкін. Бұл туралы журналист әрі комментатор Ермұхамед Мәулен хабарлады.

Ойыншы жақын арада түркістандық командамен бірге оқу-жаттығу жиындарына қатысады.
Жұмабек – тараздық футболдың түлегі. Бұған дейін ол “Тараз” және “Ақтөбе” командаларында ойнаған.

Футболшының соңғы клубы “Жетісу” болды, команда сапында Абылайхан 23 матч өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас авторы атанған. Сонымен қатар, шабуылшы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында екі ойынға қатысты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie