Дау тудырған трансфер: АПЛ жұлдызы «Арсеналмен» келісімшартқа отырды
«Арсенал» ағылшын Премьер-лигасындағы бұл жаздың ең сенсациялық трансферлерінің бірін жасауға дайын, деп хабарлайды Sports24.kz.
Танымал инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, лондондық клуб «Ньюкаслдың» жартылай қорғаушысы Бруно Гимарайншпен келісімшартқа толық келісімге келген. Екі тарап ұзақ әрі күрделі келіссөздерден кейін мәміле жасасты.
28 жастағы бразилиялық хавбектің трансферлік құны 75 миллион фунт стерлингті құрайды деп хабарлануда. «Канонирлер» мен ойыншы арасындағы жеке талаптар шілде айында ақ келісілген, сондықтан келісім соңғы кезеңде тұр.
Айта кету керек, өткен маусымда Бруно Гимарайнш барлық жарыстарда «Ньюкасл» сапында 41 матч өткізіп, 9 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Беделді Transfermarkt порталы бразилиялық жартылай қорғаушыны қазіргі уақытта 70 миллион еуроға бағалап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, «Арсенал» Еуропаның ең нәтижелі ойыншыларының бірін ресми түрде қатарға қосты.