locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чемпионшиптің 4-турындағы символикалық құрам жарияланды: Сатпаев бар ма?

Матчтың үздік ойыншысы атағы үздіктер тізіміне енуге жеткіліксіз болды
Чемпионшиптің 4-турындағы символикалық құрам жарияланды: Сатпаев бар ма?
ФОТО: Getty Images

Англия Футбол лигасы Чемпионшиптің төртінші турының символикалық құрамын жариялады. «Бернли» вингері Дастан Сатпаевтың оған енген-енбегені де белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Өкінішке қарай, Қазақстандық вингердің жанкүйерлері үшін «Мидлсбромен» матчтағы (1:1) үздік ойыншы атағына қарамастан, Сатпаев турдың символикалық құрамынан орын алмады. «Клареттердің» басқа өкілдері де бұл тізімге енбеді. Ал «Терф Мур» стадионындағы матчта есеп ашқан «Мидлсбро» ойыншысы Эйден Моррис символикалық құрамнан орын алды.

Сонымен қатар құрамда «Рексхэм» мен «Суонси» клубтарының екі-екіден өкілі, сондай-ақ «Сток Сити», «Кардифф Сити», «Бристоль», «Бирмингем Сити» және КПР клубтарының бір-бір ойыншысы бар.

Еске салайық, «Бернли» маусымды қатарынан алты жеңіссіз матчпен бастады, оның төртеуі Англияның екінші деңгейлі дивизионында өтті. Екі ұпайы бар команда Чемпионшип турнирлік кестесінің ең төменгі сатысында тұр және төрт матчтан кейін әлі жеңіске жете алмаған үш команданың бірі.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie