locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Болашақта үздік атанады». Флик Ямаль жайлы мәлімдеме жасады

Ханси Флик Ламин Ямальдің болашағы жайлы өз пікірін білдірді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Болашақта үздік атанады» Флик Ямаль жайлы мәлімдеме жасады
ФОТО: gettyimages

«Барселона» клубының бас бапкері Ханси Флик 18-жасар шабуылшы Ламин Ямальдің болашақта үздік атанатынына кәміл сеніп отыр.

«Ламинге небәрі 18 жаста, және менің ойымша, ол — керемет ойыншы. Матчты қайта қарап шыққанда, оның алаңдағы әрекеттері қаншалықты әсерлі екені айқын көрінеді. Иә, кейде мен оны ауыстырған кезде немесе оған төрт-бес қарсылас тығыз қысым көрсеткен сәттерде ол ренжуі мүмкін — сондай жағдайларда қақпаға соққы жасап, мүлт кетуі де ықтимал.

Оның әрбір әрекеті үлкен шу тудыра бермеуі керек. Түсінемін, барлығы оны жіті бақылап отыр - себебі ол шынымен де ерекше ойыншы. Бірақ оның небәрі 18 жаста екенін ұмытпау керек. Болашақта ол ең үздіктердің біріне, тіпті ең үздігіне айналуы мүмкін», - деді Флик.

Ламин Фликтың қол астында ағымдағы маусымда, Ла Лигада 26 матч өткізіп, 14 гол және тоғыз ассистпен ерекшеленді.

ФОТО: gettyimages
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie