locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бірінші лигада жанжал: Турловтың командасы маусымның соңғы турында техникалық жеңіске жетті

Бірінші лиганың соңғы турында күтпеген жағдай
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Бірінші лигада жанжал: Турловтың командасы маусымның соңғы турында техникалық жеңіске жетті
ФОТО: ФК Шахтер

Қазақстанның Бірінші лигасында маусымның соңғы турында күтпеген жағдай орын алды. «Түркістан» клубының басшылығы кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды ұйымдастыру дирекциясына өз командасының сырт алаңдағы ойынына бара алмайтыны жөнінде ресми түрде хабарлаған.

Соған байланысты 24 қазан күні өтуі тиіс болған 26-турдың «Шахтер» - «Түркістан» кездесуі өтпейтін болды. Дирекция мәліметінше, аталған ойын бойынша «Түркістан» клубына қатысты шешім жақын уақытта қабылданады.

Осылайша, 25 турдан кейін турнир кестесінде 50 ұпаймен төртінші орында тұрған «Шахтер» техникалық жеңіске ие болып, маусымды 53 ұпаймен аяқтайды. Ал «Түркістан» 14-орында қалып, 9 ұпаймен маусымның аутсайдері ретінде тіркелмек.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie