Қазақстандық командаға техникалық жеңіліс берілді. Қай клуб туралы сөз болып отыр?
Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік және этикалық комитеті 2025 жылғы маусымның Бірінші лига 26-турындағы «Шахтер» мен «Түркістан» командалары арасындағы матч бойынша шешім қабылдады, деп хабарлайды KFFLeague.kz.
Кәсіпқой клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясы осы матчқа қатысты ресми өтінішті комитетке жолдаған.
20 қазанда «Түркістан» футбол клубы өз тарапынан хат жібергенімен, команда белгіленген күні ойынға келмеді. Бұл әрекет Бірінші лига регламентінің 6.39-тармағын бұзу болып саналады.
Осыған байланысты Бақылау-тәртіптік және этикалық комитет мынадай шешім қабылдады:
— «Түркістан» футбол клубына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс беру.
Тиісінше, «Шахтер» командасына жеңіс жазылды.
Шешім комитет мүшелерінің бірауыздан дауыс беруімен күшіне енді.