«Бетис» – «Реал». Онлайн көру. LIVE-көрсетілім
4 қыркүйектен 5 қыркүйекке қараған түні мадридтік «Реал» Ла Лиганың төртінші турында «Бетиспен» кездеседі. Матч Севильядағы «Ла Картуха» стадионында өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Үш турдан кейін мадридтіктер әлі ұпай жоғалтқан жоқ. Жозе Моуринью командасы тоғыз ұпай жинап, маусымды сәтті бастап отыр. Алдыңғы кездесуде «Реал» «Малаганы» 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Оған дейін мадридтіктер «Реал Сосьедадтан» 4:1, ал «Эспаньолдан» 2:1 есебімен басым түскен.
«Бетистің» еншісінде үш матчтан кейін алты ұпай бар. Севильялықтар алғашқы екі турда «Валенсия» мен «Реал Сосьедадты» бірдей 1:0 есебімен жеңді. Алайда соңғы ойында «Левантеден» күтпеген жерден 2:5 есебімен ірі жеңіліс тапты.
Қос команданың Севильядағы соңғы кездесуі сәуір айында өтіп, 1:1 есебімен аяқталған. Ал өткен маусымның бірінші айналымында «Реал» өз алаңында «Бетисті» 5:1 есебімен ойсырата жеңген еді.
Матч Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. «Бетис» – «Реал» кездесуінің тікелей трансляциясын осы жерден көруге болады.