«Бавария» — «Арсенал»: Чемпиондар лигасы матчін онлайн көру. LIVE-трансляция
21 қазаннан 22 қазанға қараған түні немістің «Бавариясы» 2026/2027 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі үшінші туры аясында ағылшындық «Арсеналмен» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Бавария» — «Арсенал» матчының тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі және Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Лондондық клуб алдағы матчқа алты ұпаймен келеді. Бірінші турда «Арсенал» сырт алаңда италиялық «Наполиді» 1:0 есебімен жеңсе, кейін өз алаңында француздық «Лилльді» 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
«Бавария» екі турдан кейін төрт ұпай жинады. Алғашқы матчта мюнхендік команда өз алаңында норвегиялық «Буде-Глимтті» 5:0 есебімен жеңсе, екінші турда Норвегияның тағы бір өкілі «Викингпен» 3:3 есебімен тең түсті.
Командалар арасындағы соңғы кездесу 2025 жылдың қарашасында өтті. Сол кезде «Арсенал» өз алаңында «Баварияны» 3:1 есебімен жеңді.