«Адмирал» - «Барыс»: ҚХЛ матчынан тікелей трансляцияны көру
Сәрсенбі, 21 қазанда астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясындағы матчта сырт алаңда владивостоктық «Адмиралмен» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Адмирал» - «Барыс» матчы 21 қазанда Қазақстан уақытымен 14:30-да басталады. Тікелей трансляция: «Qazsport» телеарнасы.
Осы маусымда командалар әлі кездескен жоқ. Николай Пучковты еске алуға арналған маусым алдындағы турнир аясында «Барыс» «Адмиралды» овертаймда 6:5 есебімен жеңген.
Астаналықтар соңғы матчын хабаровскілік «Амурға» қарсы өткізіп, 2:5 есебімен жеңіліп қалды. Ал владивостоктық команда өз алаңында уфалық «Салават Юлаевтан» 2:0 есебімен басым түсті.
Алдағы кездесудің алдында «Барыс» 17 матчта 20 ұпай жинады. «Адмиралдың» еншісінде 16 ойыннан кейін 15 ұпай бар.