Батека бастапқы құрамда! Бешикташ Түрік Суперлигасы аясында Бодрум командасын қабылдайды
Футбол
Азат Максутбек
ФОТО: Getty images
Бүгін, 11 қаңтарда сағат 21:00-де "Бешикташ" пен "Бодрум" арасындағы Түрік Суперлигасының матчы өтеді. Командалар өздерінің бастапқы құрамдарын жариялады.
Стамбулдық "Бешикташ" клубының бастапқы құрамында кездесудің алғашқы минуттарынан бастап қазақстандық футболшы Бақтияр Зайнутдинов шығады. Қазақстандық үшін бұл бірінші минуттан бастап ойнайтын төртінші ойыны болады.
Ағымдағы маусымда Бақтияр барлық турнирлерде 7 матч өткізіп, бір ассист берді.