locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Зайнутдиновтың Бешікташтағы ықтимал тәлімгерлері белгілі болды

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Зайнутдиновтың Бешікташтағы ықтимал тәлімгерлері белгілі болды
ФОТО: ФК Бешікташ

Өткен жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсететін “Бешікташ” командасының бас бапкері Джованни ван Бронкхорстты қызметінен босатылып, Сердар Топрактепе бас бапкердің міндетін атқарушысы болып тағайындалған еді.

Қазір клуб бас бапкер іздеп жатыр. Түрік комментаторы Фират Гюнаер жұмысқа ықтимал кандидаттар туралы инсайдтармен бөлісті және олардың тағайындалуы туралы мәліметтерді хабарлады.

  • Роджер Шмидт: Топ-5 лигаға басымдық береді;
  • Рэзван Луческу: “ПАОК-тан” кеткісі келмейді;
  • Славен Билич: Екінші рөлге көшті;
  • Феликс Магат: “Бешікташқа” көшкісі келеді;
  • Гути Эрнандес: Ұсыныс жіберді, бірақ “Бешікташ” ынталы емес;
  • Владимир Ивич: Үміткерлер тізіміне кіреді;
  • Нико Ковач: Үміткерлер тізіміне кіреді;
  • Эдин Терзич: Түркияға көшкісі келмейді;
  • Маркус Гисдол: Ұсынылды, бірақ егжей-тегжейлері белгісіз.

“Бешікташ” Түркия суперлигасында 17 матчтан кейін 27 ұпаймен 6-шы орында келеді. Еске салайық, биылғы маусымда “қара бүркіттер” екі бапкерді жұмыстан шығарды, ван Бронкхорстқа дейін португалдық маман Фернанду Сантуш клубтың бапкері болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie