Түркия Суперлигасы. Зайнутдинов Бешікташқа аутсайдқа қарсы ойында ұпай жинауға көмектесті


Бүгін, 11 қаңтарда стамбұлдық “Бешікташ” Түркия Суперлигасының 19-шы туры аясында лига аутсайдері “Бодрумспорды” өз алаңында қабылдады.
Бірінші таймда алаң иелері 8 минут ішінде екі рет гол соға алды. 32-ші минутта Чер Н'Дуч баспен гол соқты. Ал содан кейін кездесудің 40-шы минутында Чиро Иммобиле өз мүмкіндігін қолданып, басымдылықты еселей түсті. Екінші таймда “қара бүркіттер” есепті сақтап қалу үшін ойнап, ол үшін матчтың ең соңында жіберіп алған голымен төледі. Қосымша уақытта Джордж Пушкаш бос қақпаға гол соғып, бір голды қайтара алды. Нәтижесінде 2:1 есебімен “Бешікташ” 3 ұпайға ие болды.
Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов орталық қорғаушы ретінде алаңда 90 минут өткізіп, Sofascore нұсқасы бойынша өз командасының үздіктерінің біріне айналды.
Түркия Суперлигасы. 19-тур. 11 қаңтар
Бешікташ - Бодрумспор - 2:1
Голдар: Н'Дуч, 32, Иммобиле, 40 - Пушкаш, 90+4


Теннис
Бүгін 07:44