locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» шоу көрсетіп, «Реал» сүрінгеннен кейін Ла Лига турнир кестесі қандай

«Корольдік клуб» маусым басынан-ақ басты қарсыласына жол беріп жатыр
«Барселона» шоу көрсетіп, «Реал» сүрінгеннен кейін Ла Лига турнир кестесі қандай
ФОТО: Getty Images

Испанияның Ла Лигасындағы чемпиондық атаққа басты үміткерлер саналатын «Барселона» мен «Реал» 4-турдағы матчтарын өткізді. Төртінші турдың өзінде екі басты фавориттің бірі күтпеген жерден маңызды ұпай жоғалтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Корольдік клуб» маусымның басында басты қарсыласына жол беріп, «Бетистен» күтпеген жерден 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Ал «Барселона» еш қиындыққа тап болмай, «Валенсияны» 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

Осылайша, маусым басталған төрт турдан кейін қазіргі чемпион «Барселона» мадридтік клубтан үш ұпайға ұзап кетті.

Сенсация жасаған «Бетис» еншісіндегі тоғыз ұпаймен үздік үштікке кірді. Сондай-ақ Чемпиондар лигасының аймағына «Депортиво» мен «Алавес» енді. Ал «Атлетико» маусымды сәтсіз бастап келеді: төрт матчтан кейін мадридтік команданың еншісінде мүмкін болған 12 ұпайдың жетеуі ғана бар.

«Вильярреал» мен «Валенсия» да маусымды сәтсіз бастады: сәйкесінше екі және бір ұпай. «Барселонадан» ойсырай жеңілген «Жарқанаттар» гол айырмасы -8 көрсеткішімен турнир кестесінің соңында тұр.

Айта кетейік, төртінші турдың қалған матчтары 6 және 7 қыркүйекте өтеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie