locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бар үміт – екінші айналымда». ҚПЛ маусымының бірінші жартысы аяқталғаннан кейін «Атыраудың» бас бапкері сөз сөйледі

Нұрғазы Хайруллин өз командасының өнеріне қатысты пікір білдірді
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
«Бар үміт – екінші айналымда». ҚПЛ маусымының бірінші жартысы аяқталғаннан кейін «Атыраудың» бас бапкері сөз сөйледі
ФОТО: ФК Атырау

«Атырау» командасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Нұрғазы Хайруллин елордалық «Жеңістен» (0:2) жеңілгеннен кейін ойын туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Сырттағы қиын ойында «мұнайшылар» қарсылас қақпасына бір ғана дәл соққы жасады. «Жеңіс» үзілістен кейін екі гол соғып, үш ұпайға қол жеткізді. Чемпионаттың бірінші айналымынан кейін «Атырау» төрт ұпаймен соңғы орында келеді. Команданың жалғыз жеңісі бірінші турда семейлік «Елімайға» қарсы ойында (2:1) болды.

«Осы құраммен барынша нәтижеге көрсетуге тырыстық. Қолдан келгені осы болды. Командада көп ауыс-түйіс болып жатыр. Трансферлік «терезенің» ашылғанын күтіп отырмыз. Бар үміт – екінші айналымда», - деді маман.

Бұл Хайруллиннің Денис Мамонов кеткеннен кейін «Атырау» тізгініндегі алғашқы ойыны еді. Бірақ ол клубты уақытша ғана басқарады – жақында атыраулық команданың жаңа бапкерінің есімі белгілі болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie