locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қайтадан өзгерістер. «Атыраудың» бас бапкері командамен қоштасты

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Қайтадан өзгерістер. «Атыраудың» бас бапкері командамен қоштасты
ФОТО: ФК Атырау

«Атыраудың» бас бапкері Денис Мамонов команданың жаттықтырушылар штабынан ресми түрде кетті, деп хабарлайды клубтың бас директоры Дидар Сыдықбек.

Қазақстандық маман өз көмекшілерімен бірге штабтан кетті – оның ассистенті Жәңгіров Руслан мен дене шынықтыру жөніндегі жаттықтырушы Клинков Сергей де клубпен екі жақтың келісімі бойынша қоштасты.

Команданың елордалық «Жеңіске» (0:2) қарсы өткен соңғы ойында бас бапкердің міндетін Хайруллин Нұрғазы атқарды. Сыдықбек «мұнайшылардың» жаңа бас бапкерінің есімі жақын күндері белгілі болатынын да жеткізді.

Мамонов бұған дейін Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері болған, «Атырау» командасының тізгінінде бір айдан аз уақыт жұмыс істеді – ол бұл қызметке 26 мамырда кіріскен болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie