Қазақстанның 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу жолындағы қарсыласы Ұлттар лигасында Украинаны ойсырата жеңді
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Бельгия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының А лигасындағы орнын сақтап қалды. Руди Гарсия баптайтын команда жауапты ойында Украинаны 3:0 есебімен жеңіп, екі ойын қорытындысы бойынша 4:3 нәтижесімен топтағы орнын сақтап қалды. Алғашқы матчта бельгиялықтар 1:3 есебімен жеңілген еді.
Ойынның басты кейіпкері Ромелу Лукаку болды — шабуылшы 75 және 86 минуттарда дубль авторы атанды. Ал есепті 70-минутта қорғаушы Мартин де Кейпер ашты.
Бұл нәтиже - Қазақстан құрамасы үшін де маңызды сигнал. Өйткені 2025 жылдың 7 қыркүйегінде біздің ұлттық құрама дәл осы Бельгиямен әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңі аясында кездеседі.
Ұлттар Лигасы. Қарымта ойын
Бельгия – Украина – 3:0 (алғашқы ойын – 1:3).
Голдар: де Кейпер (70), Лукаку (75, 86)