Шымкент әкімі Макелелені Ордабасыға тағайындаудан бас тартты: \"Атақты есім – табыстың кепілі емес\"
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков әйгілі француз футболшысы, мадридтік "Реал" мен Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Клод Макелеле "Ордабасының" бас бапкері болуы мүмкін болғанын айтты. Алайда, ақыр соңында оның кандидатурасынан бас тарту туралы шешім қабылданған.
- "Андрей Мартин – жоғары деңгейлі маман. Клод Макелеле "Ордабасының" бас бапкері болғысы келді және оған дайын болды. Барлық мәселелер келісілді, бірақ мен бас тарттым. Егер оның аты дүркіреп тұрса да, бапкер ретінде айтарлықтай жетістігі болмаса, бізге не үшін керек?" – деп келтіреді Сыздықбековтың сөзін Telegram-арна "Гасыр футболы".
52 жастағы Макелеленің ойыншы ретіндегі жетістіктері әсерлі: ол Чемпиондар лигасын жеңіп, Англия және Испания чемпионаттарында топ жарған, сондай-ақ "Челси", "ПСЖ", "Нант" және "Марсель" клубтарының намысын қорғаған.
Бапкерлік мансабында француз маманы "Бастия", "Эйпен" және "Астерас" командаларын жаттықтырған, ал 2019-2023 жылдар аралығында Лондонның "Челси" клубында техникалық директор қызметін атқарған.
Сондай-ақ оқыңыз: Ғафуржан Сүйімбаев жарақат алып, ұзақ уақытқа футболдан тыс қалды