Қазақстан құрамасының бас бапкері «Қайрат» – «Селтик» матчыннан жаңа таланттарды іздеді
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі жауапты матчта қонақ болды.
Бұл ойында алматылық «Қайрат» өз алаңында шотландиялық «Селтикті» қабылдады, деп хабарлайды BorodAbata.kz.
Ұлттық команданың тізгінін ұстаған маман бұрыннан құрамаға шақырылған ойыншылардың ғана емес, болашақта негізгі құрамды толықтыра алатын футболшылардың да ойынын мұқият бақылап отырды. «Қайраттың» бастапқы құрамында алаңға шыққан 21 жастағы қақпашы Темірлан Анарбеков жақында ғана Уэльс пен Бельгияға қарсы кездесулерге Александр Заруцкий жарақат алған соң шақырту алған болатын. Сондай-ақ, алғашқы минуттардан бастап қорғаушылар Еркін Тапалов пен Александр Мрынский ойнады.
Әлиевпен бірге трибунада Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Давид Лория да болды.